"Астана" командасы Еуропадағы үздік жүз клубтың қатарына қосылды

Жандарбек Жұмағұлов Корреспондент
"Астана" командасы Еуропадағы үздік жүз клубтың қатарына қосылды
Фото ©️ vesti.kz

Бүгін УЕФА-ның жаңартылған рейтингі шықты. Жаңартылған рейтинг бойынша елордалық "Астана" ұжымы қазақ клубтары арасында тұңғыш рет Еуропадағы үздік деген жүз клубтың қатарына қосылды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады. 

БӨЛІСУ
УЕФА-ның жаңартылған рейтингінде "Астана" 96-сатыға жайғасыпты. Елордалық клубтың есебінде жалпы 16.925 ұпай бар. Ал биылғы жылға "Астана" 0.400 ұпай жинаған. 

Қазіргі уақытта біздің клуб "Бордо" (Франция), "Вест Хэм" (Англия), "Лилль" (Франция), "Штуттгарт" (Германия), "Партизан" (Сербия), "Панатинаикос" (Грекия) секілді Еуропадағы азулы клубтардың алдын орап тұр. 

Қазақстандық басқа клубтарға тоқталатын болсақ, "Ақтөбе" 179-орында, "Қайрат" (Алматы) – 192, "Шахтер" (Қарағанды) – 194, "Ертіс" (Павлодар) – 265, "Ордабасы" (Шымкент) – 278 орындарда тұр. 

Ал УЕФА-ның клубтар арасындағы рейтингін "Реал" бастап тұрса, мадридтің екінші командасы "Атлетико" екінші орында, "Барселона" үздік үштікті түйіндеп тұр.