• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Головкин "Канеломен" жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті

Головкин "Канеломен" жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті
Фото: vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 16 қыркүйекке белгіленген Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті. 

Жаттығулар түсірілген видео "Мені ештеңе тоқтата алмайды" деген атаумен Головкиннің ресми YouTube-арнасына жүктелген. Видеода алдағы жекпе-жекке қатысты Абель Санчестің пікірлері айтылады. 

Қазақстандық боксшы жекпе-жекке Калифорния штатындағы Big Bear жаттығу лагерінде дайындалып жатыр. 

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Дереккөзі: kaz.vesti.kz

Ж. Жұмағұлов
Logotype Massaget