Спортшылар Олимпиада медалімен бөлісе алады

Айымгүл Оралқызы Корреспондент
Спортшылар Олимпиада медалімен бөлісе алады
Фото ©️ vk.com

Дизайнер Филипп Старк 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада медалінің жаңа үлгісін ұсынды. Оның идеясы бойынша әр медаль 4 бөлікке бөлінеді. Осылайша чемпион өз жеңісінің дәмін жақындарына да таттыра алады.

БӨЛІСУ

Бұрын Старк мырза 1992 жылы франциялық Альбертвильде өткен қысқы Олимпиада ойындарының алауы факелін дайындаған болатын.

Старк ұсынған медаль үлгілері классикалық қалыптағы медальдан айнымайды. Айырмашылығы жоғарыда атап өткен 4 бөлікке бөлінуінде болып отыр.

"Олимп шыңына адам жалғыз жетпейді. Медаль үлгісі осы ойымды жеткізгенін қаладым. Енді спортшы өз жеңісімен бөлісе алады", - дейді дизайнер.