Украина құрамасының жаңа бас бапкері белгілі болды

Украина құрамасының жаңа бас бапкері белгілі болды

Футболдан Украина құрамасының бас бапкері болып харьковтық  "Металлист" және киевтік «Ареснал» командасының бұрынғы бас бапкері Александр Заваров тағайындалды. Бас бапкерлік қызметте Заваров киевтік «Динамоға» кеткен Олег Блохиннің орнын басады. Бұл туралы украиндік iSport.ua спорт порталы хабарлайды.

Сондай-ақ Украинаның алдағы Әлем біріншілігіне електеу сындары аясында екі кездесуде бас бапкерлік міндетті Андрей Баль атқаратын болады. Ал Александр Заваров бұл ойындарда бас бапкердің көмекші қызметін атқарады.

Sport.ua басылымының айтуынша, іріктеу аясындағы екі кездесу аяқталған соң, Заваров ресми түрде ұлттық команданың бас бапкерлік қызметіне кіріседі. Жаңа бапкердің алдына Украина құрамасын  2014 жылы Бразилияда өтетін әлем біріншілігіне шығару міндеттелген.

Айта кетейік, Александр Заваров швейцариялық "Вилем" командасын жаттықтырып, бұл ұжыммен ел кубогін жеңген. Бұл маманның соңғы қызмет орны киевтік «Арсенал» командасы. Ол команданы 2006-2010 жылдар арасында баптаған. «Арсенал» командасынан кеткен соң, Заваров ЕУРО-2012 додасының ұйымдастырушылар қатарында болған екен.  

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

У. ҚОСАНБАЙ