Қазақ баласының жойқын соққысы (Видео)

Қазақ баласының жойқын соққысы  (Видео)
Фото: prosports.kz

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Арман Әшімов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Ингушетияда өткен M-1 Challenge 81 турнирде жеңіліс дәмін татпаған Гаджимурад Алиевпен (6-1-0) жұдырықтасты. Жерлесіміз қарсыласын екінші раундта жойқын соққысымен сұлатып түсірді.

Жекпе-жекті жүргізген комментатор қазақстандықтың жасаған соққысын «адамшошырлық» деп бағалады.

Аталмыш жекпе-жектен соң ұйымдастырушылары қазақстандық спортшының өнеріне жоғары баға беріп, бірден келісімшарт ұсынған.


prosports.kz

М. Ақан