Жас қазақ дзюдошылары Азия чемпионатынан олжалы оралды

Жас қазақ дзюдошылары Азия чемпионатынан олжалы оралды

Қырғызстан астанасы Бішкекте кадеттер арасында Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы атынан жарысқа 19 дзюдошы қатысып, ел қоржынына 15 медаль түсті.

14 елден 155 жас дзюдошылар қатысқан жарыста Қазақстан құрамасы 2 алтын, 6 күміс және 7 қола медальмен жалпыкомандалық есеп бойынша 3-орынға тұрақтады.

50 кг салмақта Шерзод Давлятов пен 90 кг-ға дейінгі салмақта Бекарыс Сәдуақас жеңімпаз атанып, ел абыройын асырды.

Назарларыңызға Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынамыз:

Алтын – Шерзод Давлятов (50 кг)
Алтын – Бекарыс Сәдуақас (-90 кг)
Күміс – Меруерт Сәрсенова (52 кг)
Күміс - Саёра Мырзахметова (63 кг)
Күміс – Нұрбек Ортай (73 кг)
Күміс – Серікболсын Шынтас (81 кг)
Күміс - Ханифа Тугушева (57 кг)
Күміс – Арайлым Оразбай (70 кг)
Қола – Ерлан Оңалов (50 кг)
Қола – Ермек Амангелді (55 кг)
Қола – Ислам Тоқтасын (66 кг)
Қола – Сара Құлым (40 кг)
Қола – Ақжол Қайыпхан (48 кг)
Қола – Нұрлыхан Шархан (+90 кг)
Қола – Мадина Парагулгова (+70 кг)

Ө. Сансызбай