Ең тартысты ақтық кезеңнің тікелей көрсетілімі – Vesti.kz сайтында

Ең тартысты ақтық кезеңнің тікелей көрсетілімі – Vesti.kz сайтында
Фото: Vesti.kz

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін елордалық «Астана арландары» мен кубалық «Куба қабыландары» арасындағы тартысты жекпе-жекті Vesti.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. 

Ақтық кезең 15 шілде күні сағат 15:00 Астана қаласындағы «Қазақстан» мұз айдынында өтеді. Тікелей эфир барысында қазақ тілінде ақпарат беруші коментатор – Уәлихан Қосанбай, орыс тілінде – Роман Кушпелев. 

Айта кетейік, ақтық кезеңдегі жекпе-жектер бір күн ішінде өтеді. Бұл дегеніміз жанкүйерлер бір күнде барлық салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шеберлерінің өнерін тамашалай алады. Осы кеште Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) бойынша ең үздік құрама анықталады. 


Салмақ өлшеудің қорытындысы:

49 келі: Теміртас Жүсіпов (48,86 келі) - Йоханус Аргилагос (48,8 келі)
52 келі - Олжас Сәттібаев (51,8 келі) - Йосбани Вейтиа (51,4 келі)
56 келі - Ильяс Сүлейманов (55,76 келі) - Хавьер Ибаньес (55,7 келі)
60 келі - Зәкір Сафиуллин (60 келі) - Лазаро Альварес (59,66 келі)
64 келі - Ділмурат Мижитов (63,9 келі) - Энди Круз (63,3 келі)
69 келі - Асланбек Шымбергенов (69 келі) - Роньель Иглесиас (68,55 келі);
75 келі - Әбілхан Аманқұл (75 келі) - Арлен Лопес (74,4 келі);
81 келі - Арман Рысбек (80,5 келі) - Хулио Ла Крус (80,65 келі);
91 келі - Антон Пинчук (90,250 келі) - Эрисланди Савон (90,2 келі);
91 келіден жоғары - Олжас Бұқаев (100,3 келі) - Йоандри Тоирак (113,5 келі).

Қосымша кездесу - 52 келі - Олжас Байниязов - Фрэнк Залдивар.

Өз спортшыларымызға жанкүйер болайық! 

М. Ақан