"Ертіс" Павлодарда "Црвена Звездамен" тең ойнады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
"Ертіс" Павлодарда "Црвена Звездамен" тең ойнады (видео)
Фото ©️ vesti.kz

"Ертіс" футбол клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Црвена Звездаға" қарсы бірінші ойында 1:1 есебімен тең түсті. Екі команда да голдарын пенальтиден соқты.

БӨЛІСУ

Павлодарда өткен ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Екінші тайм басында барып сербиялық команда алға шықты. "Ертіс" қорғаушысы Марио Маслач Гелор Кангқа қарсы ойын ережесін бұзып, бас төреші пенальти соққысын белгіледі. 11 метрлік айып соққысынан Ричмонд Боачи қателескен жоқ.

"Ертіс" есепті ойын соңындағы қосымша уақытта теңестірді. "Црвена Звезда" капитаны Душан Анджелкович өз алаңында қолмен ойнап, пенальти белгіленді. Қорғаушы Стефан Живкович таразы басын теңестіре білді.

Қос команда арасындағы қарымта ойын 20 шілдеден 21 шілдеге қараған түні Белградта өтеді.