Дани Алвес ПСЖ-ға ауысты

Дани Алвес ПСЖ-ға ауысты
Фото: Football.fr

Өткен маусымда Туриннің "Ювентус" футбол клубында ойнаған бразилиялық қорғаушы Дани Алвес Париждің ПСЖ командасының қатарын толықтырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Клуб 34 жастағы қорғаушымен 2019 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойған. Ойыншы ПСЖ сапына еркін агент ретінде ауысып отыр.

Дани Алвес париждік командада 32-ші нөмірлі жейде киеді.

Айта кетейік, бразилиялық қорғаушы өткен маусымда "Ювентуспен" бірге Чемпиондар лигасының финалына шықты. Туриндік клубта 24 ойынға қатысып, 4 гол соқты.

Ө. Сансызбай