2024-2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары өткізілетін астаналар белгілі болды

2024-2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары өткізілетін астаналар белгілі болды
Фото: vk.com

Халықаралық Олимпиада Комитеті 2024-2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары өткізілетін астаналарды анықтады. Олар — Париж және Лос-Анджелес қалалары. Олардың қайсысы тізімде бірінші болары, яғни, 2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізетініні алдағы қыркүйек айында белгілі болады.

2024-2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары өткізуге ниет білдірген астаналар қатарында Гамбург, Будапешт және Рим сынды қалалар болды. Жеңімпаз болып отырған Париж және Лос-Анджелес қалалары өзара келісіп, алдағы ойындарды қайсысы бірінші болып өткізетініне қатысты шешім қабылдауы керек. Аталған қалалардың екеуі де осыған дейін Олимпиада ойындарын екі мәрте қабылдап үлгерген. Лос-Анджелес ойындарды 1932 және 1984 жылдары өткізсе, Париж 1900 және 1920 жылдары барша әлем спортшыларын өз елінде қонақ етті.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Токио қаласында өткізілмек.

А. Оралқызы