Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына толық құрамда қатысады

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына толық құрамда қатысады
Фото: vesti.kz

25 тамыз – 3 қыркүйек аралығында Германияның Гамбург қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл додаға Қазақстан құрамасы толық құрамда (10 салмақ дәрежесі бойынша да) қатысады.

Сәуір айының соңы мен мамыр айының басында Ташкентте өткен Азия чемпионатының қортыныдысы бойынша Қазақстан құрамасы 9 жолдамаға ие болған еді. Шілде айында индонезиялық боксшы Корнелиус Кванга Ланг (49 кг) әлем чемпионатынан бас тартып, жолдаманы Жомарт Ержан иеленді. AIBA ережесі бойынша қазақ боксшысы бұл жарыста бақ сынайтын болады.

Қазіргі таңда боксшылар әлем чемпионатына дайындықты бастап кеткен. Оған дейін екі рет дайындықты шыңдау жарысы өткізілмек. Біріншісі 12 шілде күні Алматыдағы Бүкіләлемдік бокс академиясында болса, екіншісі 10 тамыз күні Астанада өтеді.

Қазақстандық спортсүейер қауым әлем чемпионатын "KazSport" арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Ө. Сансызбай