Куба боксшылары Астанаға келді

О Сансызбай Корреспондент
Куба боксшылары Астанаға келді
Фото ©️ vk.com

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалына шыққан Кубаның "Cuba Domadores" командасы Астанаға келді. Жетінші маусымның финалы Елордада өтеді.

БӨЛІСУ

Бостандық аралынан келген боксшылардың финалдағы қарсыласы  - еліміздің "Astana Arlans" командасы. Жартылай финалда отандастарымыз Ұлыбританияның "British Lionhearts" командасын жарыс жолынан шығарса, кубалықтар Колумбияның "Colombian Heroicos" командасынан басым түскен еді.

"Cuba Domeodores" Астанаға ең мықты боксшылардан жасақталған құрамын ала келген. Қатарларында Хоанис Архилагос (49 кг), Йосвани Вейтия (52), Хавьер Иванез (56), Лазаро Альварес (60), Энди Круз (64), Роньель Иглесиас (69), Арлен Лопес (75), Хулио Сесар ла Крус (81), Эрисланди Савон (91), Йоандис Тойрак (+91) және Франк Залдивар (52) бар.  Дегенмен 15 шілде күні өтетін финалдық кездесуге шығатын боксшылар тізімі ресми түрде жарияланған жоқ.

Айта кетейік, "Astana Arlans" пен "Cuba Domadores"  - WSB жобасындағы ең көп жүлделі орыннан көрінген командалардың бірі. Екі команда да екі реттен чемпион атанған, екі реттен екінші орыннан көрінген. Қола жүлделер саны бойынша отандастарымыз алда.