Месси "Барселонамен" келісімшартын 2021 жылға дейін ұзартады

О Сансызбай Корреспондент
Месси "Барселонамен" келісімшартын 2021 жылға дейін ұзартады
Фото ©️ fcbarcelona.cat

Әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси "Барселонамен" келісімшартын 2021 жылға дейін ұзартатын болды. Бұл туралы каталондық клубтың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

30 жастағы футболшы 15 шілде күні командамен келісімшартын 2022 жылға дейін ұзартатыны туралы кеше басылымдарда жазылған еді. Бүгін жарияланған ресми ақпар бойынша ойыншы 2021 жылға келісімшартын ұзартады екен. Қазіргі келісімшарты 2018 жылдың жазында аяқталатын еді.

Лионель Месси "Барселона" сапында 2003 жылдан бері ойнап келеді. Сегіз рет Испания чемпионы, төрт рет Чемпиондар лигасында топ жарды. Бес рет Испания кубогында үздік шықты.

Футболшы каталондық клуб сапында 583 ойынға қатысып, 507 гол соқты.