Мессидің отбасында ұл бала дүниеге келді

Мессидің отбасында ұл бала дүниеге келді

"Барселона" командасы мен Аргентина құрамасының ойыншысы, үш дүркін әлемнің ең үздік футболшысы Лионель Мессидің отбасында дүниеге келген бала туралы сыбыс шықты.

Жұма күні Мессидің әке болғандығы туралы ақпарат тарап кетті. Әлемнің түкпір-түкпірінен құтттықтаулар келіп жатқан соң, аргентиналық ойыншы реми түрде мәлімдеме жасады:

"Бүгін бізге келіп отырған құттықтауларға көп рахмет айтқымыз келеді. Алайда, отбасымызда баланың дүниеге келгендігі туралы ақпараттың әзірше анық-қанығын айтқымыз келмейді" - деп Месси ағынан жарылды.

Айта кететін болсақ, Мессидің балалы болатындығы туралы маусым айында белгілі болған тұғын. Бұл туралы сол уақытта ойыншының жары Антонелья Роккуццо өз Twitter-інде хабарлама қалдырып еді.

Лионельдің өзі де өмірінде үлкен өзгеріс болатынын 2 маусым күні әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Аргентина мен Эквадор құрамасымен кездескен ойында мәлімдеген-ді.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига