Кукушкин мен Дияс "Уимблдонның" екінші кезеңіне шықты

О Сансызбай Корреспондент
Кукушкин мен Дияс "Уимблдонның" екінші кезеңіне шықты
Фото ©️ коллаж

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Зарина Дияс Үлкен дулыға санатына енетін Ұлыбритания ашық біріншілігінің (Уимблдон) екінші кезеңіне шықты. Отандастарымыз жарыстағы алғашқы қарсыластарынан айқын айласын асыра білді.

БӨЛІСУ

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин бірінші кезеңде жапон Даниэль Таромен кездесті. Бірінші сетте қарсыласына 4:6 есебімен қарсыласына жол бергенмен, кейінгі үш сетте  6:4, 7:6, 6:2 есебімен жеңіп шықты. Екінші кезеңде Михаил Кукушкин неміс Миша Зверевпен кездеседі.

Зарина Дияс бірінші кезеңде қытайлық Синьюань Ханьмен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Келесі ойынын аустралиялық Арина Родионоваға қарсы өткізеді.