Қуат "Найман" Хамитов келесі жекпе-жегін қыркүйекте өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Қуат "Найман" Хамитов келесі жекпе-жегін қыркүйекте өткізеді
Фото ©️ Arhar.kz

Аралас жекпе-жектен ел намысын қорғап жүрген Қуат "Найман" Хамитов (20-5-1) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін хабарлады. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

БӨЛІСУ

Спортшының келесі қарсыласы ирландиялық Питер Куилли (10-3) болады. Жекпе-жек қыркүйек айында Алматы қаласында "Fight Nights Global" турнирі барысында өтеді. 

"Мен дайын боламын!", - деп жазба қалдырды Хамитов өзінің Instagram парақшасында. 

 

Я буду готов! #сентябрь #АлматыАрена #HEREweGO

Публикация от ★★★NAIMAN★★★ (@kuat__khamitov)Июл 2 2017 в 11:12 PDT

Еске салайық, Қуат Хамитов өзінің соңғы кездесуін 2017 жылдың сәуірінде өткізді. Владивостокта өткен Fight Nights Global 63 турнирінің басты кездесуінде ол ресейлік Магомедсайгид Алибековтен жеңіліп қалған еді.