"Ордабасы" бірінші ойында "Широкий Бриегтен" ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
"Ордабасы" бірінші ойында "Широкий Бриегтен" ұтылды
Фото ©️ vesti.kz

Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде қарсылас атанған Боснияның "Широкий Бриег" командасына бірінші ойында есе жіберіп алды. Ойынды босниялық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Широкий Бриег командасы екі голды да бірінші таймда соқты. 37 минутта Иван Крстанович 11 метрлік айып соққысын сәтті орындаса, тайм аяқталар тұста футболшы дубль авторы атанды. Екінші гол кірер тұста "Ордабасы" қақпашысы Алмат Бекбаев қателесті.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 6 шілде күні Алматының орталық стадионында өтеді.