"Ертіс" Еуропа лигасын жеңіспен бастады (видео)

"Ертіс" Еуропа лигасын жеңіспен бастады (видео)
Фото: vesti.kz

Павлодардың "Ертіс" футбол клубы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Болгарияның "Дунав" командасынан басым түсті. Ойында Димитар Димитров командасы қарсыластарын 1:0 есебімен ұтты.

5 минутта Игорь Бугаевтың соққан голы павлодарлық командаға жеңіс сыйлады. Одан кейінгі аралықта екі команда ойыншыларында да есепті өзгертуге мүмкіндіктер болған. Бірақ гол соға алған жоқ.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 6 шілде күні Болгарияда өтеді. 

Ө. Сансызбай