Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Рохер Каньяс "Астанадан" кеткенін хабарлады

Рохер Каньяс "Астанадан" кеткенін хабарлады

Рохер Каньяс

Елордалық "Астана" клубының колумбиялық жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс командадан кеткенін хабарлады. Бұл туралы футболшы "Instagram" желісіндегі парақшасында жазды.

Рохер Каньяс "Астана" сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Бұл уақыттың ішінде 128 кездесуге қатысып, 17 гол соқса, 12 нәтижелі пас берген. Елордалық ұжыммен үш рет Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңді. Сонымен қатар Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады.

2017 жылы Рохер Каньяс АПОЭЛ сапында уақытша ойнап, Кипр чемпионы атанды. 

"Барлығына рақмет, сағынатын боламын. Жуық арада қайта көрісеміз ...", - деп жазба қалдырды жартылай қорғаушы Instagram парақшасында. 

Бұған дейін 27 жастағы футболшының қарағандылық "Шахтер" сапына қайта оралуы мүмкін деген әңгіме шыққан еді. Бұл клубтың сапында ол 2012 және 2013 жылы өнер көрсеткен. "Кеншілермен" ол Қазақстан чемпионы атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты. 

Қазақстанға келерге дейін Каньяс Польшаның "Ягеллония", ресейлік "Сибирь", Латвияның "Транзит" және колумбиялық "Индепендьенте Медельин" клубтарында ойнаған. 

Фото: vesti.kz
Қосылған күні: 28 маусым 2017, 17:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.