Хохоттағы Гран При турниріне Қазақстаннан 10 дзюдошы қатысады

Хохоттағы Гран При турниріне Қазақстаннан 10 дзюдошы қатысады
Фото: YouTube

30 маусым мен 2 шілде аралығында Қытайдың Хохот қаласында дзюдодан кезекті халықаралық Гран При турнирі өтеді. Аталмыш Гран Приге Қазақстан құрамасынан 10 дзюдошы қатысады.

Ерлер:

Рустам Ибраев (60 кг)

Бауыржан Жауынтаев (60 кг)

Бекәділ Шаймерденов (73 кг)

Айдын Дартаев (73 кг)

Ерсұлтан Мұзаппаров (81 кг)

Дәулетхан Жақыпов (90 кг)

Әділ Оразбаев (+100 кг)

Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг)

Әйелдер:

Ділбар Өмірәлиева (63 кг)

Зере Бектасқызы (70 кг)

Хохоттағы жарысқа ұлттық құраманы жаттықтырушылар Қален Қалиұлы, Ермек Әлжанов және Мәлік Жүнісбеков бастап барады.

Ө. Сансызбай