Оңтүстік Кореяда таеквондодан әлем чемпионаты өтеді

Оңтүстік Кореяда таеквондодан әлем чемпионаты өтеді
Фото: kaztkd.kz

24 маусым күні Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таэквондодан әлем чемпионаты басталады. 30 маусымға дейін жалғасатын жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.

Әлемнің кіл мықты таеквондошылары бақ сынайтын жарыс жаңа ережелер бойынша өтеді. Бұл ережелер көрермендердің қызығушылығын арттырады деген мақсатта қабылданған.

Додаға 170 елден 1000-ға жуық спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы сапында 16 спортшы ел намысын қорғайды.

Ерлер

1. Әбдірашев Сапарғали (54 кг) 

2. Мұқамыров Алмас (58 кг) 

3. Серікбаев Әлімжан (63 кг) 

4. Қайырбек Ерасыл (68 кг) 

5. Сарымсақов Қайрат (74 кг)

6. Мырзабаев Нұрлан (80 кг) 

7. Дүйсебай Смайыл (87 кг) 

8. Жапаров Руслан (+87 кг) 

Әйелдер

1. Сабыр Анаргүл (46 кг) 

2. Есбергенова Айнұр (49 кг) 

3. Сапарбек Жазира (53 кг) 

4. Райымқұл Лаура (57 кг) 

5. Бибалаева Гүлім (62 кг) 

6. Ергешова Фируза (67 кг) 

7. Джансель Дениз (73 кг) 

8. Жүнісова Мереке (+73 кг) 

Айта кетейік, таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы оңтүстіккореялық - Ю Енг Джин. Аға жаттықтырушы – Батырбек Есдәулетов.

Ө. Сансызбай