Генрих Шмидтгаль: «Қазақстанға ұзақ жол жүріп барамын»

Генрих Шмидтгаль: «Қазақстанға ұзақ жол жүріп барамын»

Қазақстан ұлттық құрамасының және Германиялық «Гройтер» командасының жартылай қорғаушысы Генрих Шмидтгаль бүгінде өз командасымен Бундеслиганың кезекті кездесуіне дайындықтарын пысықтауда. Дегенмен Шмидтгаль Қазақстан ұлттық құрамасының Аустриямен өткізетін кездесуін де іштей ойлап жүргені анық. Қазір Генрих Германияда болғандықтан, біз ғаламтор желісі арқылы сұхбаттасып, бірнеше сауалдарға жауап алған болатынбыз.   

— Аустрия құрамасымен өтетін кездесуге дайындығыңыз қалай?
— Біз құрамында өте мықты ойыншылар өнер көрсетін ұжыммен кездесеміз. Әрине, кездесу оңай болмайтыны анық. Дегенмен мен бұл кездесуге психологиялық тұрғыдан дайынмын. Өз алаңымызда өткізетін кездесуде жанкүйерлер бізге жақсы қолдау көрсетеді деген ойдамын.
— Аустриямен өтетін кездесуден кейін Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңындағы кездесулерін Астанада емес, 
Алматыда өткізеді. Бұл туралы не айтасыз?

— Иә. Мен туралы естігенмін. Мен бір кездері Ұлттық құрама сапында Алматыда ойнағанмын. Оңтүстік астанада футболсүйер қауым өте көп. Сондықтан бізді Алматыда да жақсы қолдайды деген сенімдемін. 

— Аустрия құрамасында ойнайтын ойыншылар ұзақ сапардан шаршап, жақсы ойын өрнегін көрсете алмауымыз мүмкін дейді...
— Мен оларды жақсы түсінемін. Өйткені, менде Қазақстанға ұзақ жол жүріп барамын. Уақыт айырмашылығы да төрт сағат. Қазақстанға ұшып барған соң, маған да елдің ауа-райына үйренуге бір-екі күн кетеді. Дегенмен біздің жігіттер де сырт алаңда өткізетін кездесулеріне ұзақ уақыт ұшып барады ғой. Сондықтан аустриялық жігіттер бірер күнде Қазақстанның ауа-райына үйренеді.
— Алдағы өтетін кездесуге Ұлттық құраманың бас бапкері тағы бір неміс жерінде өнер көрсететін Константин Энгельді шақырмапты. Бұл туралы не ойлайсыз?

— Энгельді неге шақыртпағанын мен нақты білмеймін. Өз клубында ол тәп-тәуір өнер көрсетіп жүрген сияқты еді.
Сіз ойнайтын «Гройтер Фюрт» бұл маусымды сәтсіз бастады...

— Иә. Біздің команда әлі де жоғарғы Бундеслигаға үйренісе алмай жатыр. Бундеслигада өнер көрсететін басқа командалардың деңгейі бізден біршама жоғары. Оның үстіне біз маусым басында «Бавария», «Шальке», «Байер» сынды тісқаққан командалармен ойнадық. Алдағы уақытта біз сәтті ойнатын шығармыз. Команда басшылары клуб алдына Бундеслигада қалуды мақсат етіп отыр.

— Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: dknews.kz

У. ҚОСАНБАЙ