GGG күзде мансабын аяқтауы мүмкін

GGG күзде мансабын аяқтауы мүмкін
Фото: vk.com (Геннадий GGG Головкин)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин қыркүйек айында Сауль "Канело" Альвареспен өткізген жекпе-жегінен кейін мансабын аяқтауы мүмкін.

Қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек спорт жолында соңғы кездесуі болуы мүмкін екенін жасырмады.

- Осы жекпе-жектен кейін мансабымды аяқтауым мүмкін. Бірақ жалғастыруым да мүмкін. Жағдайым жақсы. 30 жаста болсам да, өзімді 25 жастағы жігіт сезінемін. Бұл бокс, футбол емес. Бұл ойын емес, шайқас, әрбір шайқас күрделі", - деді Головкин BoxingScene. басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Отандасымыз орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайтын болады. Мексикалық боксшы "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Ө. Сансызбай