Қазақстандық боксшы жекпе-жекте қарсыласының жағын сындырды

Қазақстандық боксшы жекпе-жекте қарсыласының жағын сындырды
Фото: Eye of the Tiger Managment

Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласының жағын сындырып жеңіске жетті. Канаданың Монреаль қаласында өткен кездесуде америкалық боксшы Лорент Нельсонды жеңді.

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз төрт раундқа жоспарланған жекпе-жекті үшінші раундта аяқтады. Жекпе-жек аяқталысымен қарсыласының жағы сынғаны анықталып, ауруханаға жеткізілген.

23 жастағы отандасымыз кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, бүгін таңда қазақстандық тағы бір боксшы Айдос Ербосынұлы да кәсіпқой бокстағы алтыншы кездесуін өткізіп, америкалық боксшы Девин Батчерді ұпай айырмасымен жеңді.

Ө. Сансызбай