Ресей құрамасы Конфедерация кубогын жеңіспен бастады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Ресей құрамасы Конфедерация кубогын жеңіспен бастады (видео)
Фото ©️ vk.com

Ресейде футболдан Конфедерция кубогы турнирі басталды. Жарысты бастаған ресейлік футболшылар Жаңа Зеландия құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

БӨЛІСУ

Бірінші таймда Майкл Боксолл өз қақпасына гол соғып алса, екінші таймда Федор Смолов нәтижелі соққысымен есепті өзгертті.

Айта кетейік, Ресейдегі Конфедерация кубогына 8 ұлттық құрама қатысады. Олар 2 топқа бөлінген.

«A» тобы: Ресей, Жаңа Зеландия, Португалия, Мексика.

«B» тобы: Камерун, Чили, Аустралия, Германия.

Ертең екі ойын өтеді.

21:00. Португалия – Мексика. Қазан. «Казань Арена» стадионы.

00:00. Камерун – Чили. Мәскеу. «Спартак» стадионы.

* Ойындар кестесі Астана уақытымен көрсетілген