Зарина Дияс Манчестердегі халықаралық турнирдің финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Дияс Манчестердегі халықаралық турнирдің финалына шықты
Фото ©️ Vesti.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Манчестерде (Ұлыбритания) өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда ұлыбританиялық Наоми Броудиді жеңді.

БӨЛІСУ

1 сағат 24 минутқа созылған ойында Зарина Дияс қарсыласын екі сет қорытындысы бойынша жеңіп шықты. Бірінші сетте 6:3, екінші сетте 6: есебімен айласын асырды.

Қазақстандық тениисші финалда Беларусь елінің теннисшісі Арина Соболенко мен серб Александра Крунич арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Зарина қазіргі WTA рейтингінде 207-орында келеді.