WSB жобасының финалы Астанада өтеді

О Сансызбай Корреспондент
WSB жобасының финалы Астанада өтеді
Фото ©️ Astana Arlans (vk.com)

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) VII маусымындағы "Астана арландары" мен "Куба қабыландары" арасындағы финалдық жекпе-жек Астанада өтеді.

БӨЛІСУ

Чемпиондық атаққа талас 15 шілде күні "Қазақстан" спорт кешенінде болады. Финалдық кездесулердің барлығы да (10 жекпе-жек) бір күнде өтеді деп жоспарлануда. 

Еске салайық, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) биылғы маусымының финалында елордалық "Астана арландары" мен кубалық "Куба қабыландары" командалары кездеседі. Бұл жобада біздің клуб 2013 және 2015 жылдары топ жарса, кубалық команда 2014 және 2016 жылдары жеңіске жеткен. Алдағы кездесуде жеңіске жеткен команда жобаның ең табысты ұжымы атанады.