Зарина Дияс Манчестердегі халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Дияс Манчестердегі халықаралық турнирдің ширек финалына шықты
Фото ©️ Kapital.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Манчестерде (Ұлыбритания) өтіп жатқан WTA санатындағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты. Отандасымыз 1/8 финалда аустралиялық теннисші Арина Родионованы жеңді.

БӨЛІСУ

1 сағат 6 минутқа созылған ойында Зарина Дияс қарсыласын екі сет қорытындысы бойынша жеңіп шықты. Бірінші сетте 6:2, екінші сетте 6:3 есебімен айласын асырды.

Қазақстандық тениисші ширек финалда Польша елінің теннисшісі Магдалена Фрешпен кездеседі. Зарина қазіргі WTA рейтингінде 207-орында болса, қарсыласы 264-орында тұр.