Қазақ қызы аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының финалына шықты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қазақ қызы аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының финалына шықты (видео)
Фото ©️ Анатолий Ким (facebook парақшасы)

Бұл күндері Сингапурде UFC апталығына орай аралас жекпе-жектен (ММА) әуесқойлар арасында Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан құрамасы сапында аттанған 9 спортшының 5-і финалға шықты. Олардың қатарында 52,2 келіге дейінгі салмақта Аян Тұрсын да бар.

БӨЛІСУ

Қазақ қызы жартылай финалда малайзиялық спортшы Амира Макхтарды жеңді. Қарсыласына қарағанда ширақ қимылдап, әр сәтті ұтымды пайдалана білді. Үшінші раундта Аянның жойқын соққысынан кейін малайзиялық спортшы жекпе-жекті жалғастырған жоқ.

Аян Тұрсын ұлттық құрама сапында халықаралық жарысқа қатысқан алғашқы спортшы, - деп жазды Қазақстан ММА спорты федерациясының президенті Анатолий Ким "facebook" желісіндегі парақшасында.

Ерлер арасында Олжас Молдағалиев (61,2 келі), Ерназ Мұсабек (56,7 келі), Жан Кенжебаев (77,1 келі) пен Бекзат Жасия (65,8 келі) финалға жолдама алды. Ал Мейрамбек Демеубаев (83,9 келі), Джохар Таймусханов (70,3 келі) пен Құдайберген Төлеубаев (93 келі) Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетейік, Сингапурдегі жарысқа 14 елден 66 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы жаңартылған құрамда аттанған болатын.