2020 жылғы Олимпиадада бокстан қандай салмақ дәрежелері алынып тасталуы мүмкін?

2020 жылғы Олимпиадада бокстан қандай салмақ дәрежелері алынып тасталуы мүмкін?
Фото: Informburo.kz

Олимпиада ойындарының чемпионы,  Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Ермахан Ибраимов Vesti.kz порталының тілшісіне 2020 жылғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында бокстан қай салмақ дәрежелерінің алынып тасталуы мүмкін екенін айтып берді. 

Еліміздегі ең табысты боксшылардың бірі Олимпиада ойындарында қазір алынып тасталған салмақ 71 келіде топ жарған. Ермахан Ибраимов осы салмақта екі рет Олимпиада ойындарында жүлде алды. Бірі – алтын болса, бірі – қола.

- Ермахан Сағиұлы, сіз Олимпиада ойындарында 12 салмақ дәрежесі бар кезінде өнер көрсеттіңіз ...

- Мен Олимпиада ойындары кезінде 12 салмақ болған кезде қатыстым. Кейін салмақ дәрежесін 11-ге дейін қысқартты. Сосын 10-ға дейін азайды. Қазір енді тіпті 8-ге дейін түсіп қалуы мүмкін. Менің білуімше, қазір 49 келіні алып тастауы мүмкін. Бұл салмақта азиялық елдер топ жарып жүр. Сондықтанда бұл салмақты Олимпиада ойындарында қалуы үшін азиялық елдер шағым білдіретін шығар. 

- Тағы қай салмақты Олимпиада ойындарынан шығарып тастауы мүмкін?

- Менің естуімше, бірінші ауыр салмақты. 

- 91 келіні ме?

- Иә. Олимпиада ойындарында 85 келіге дейін, 75 келіге дейін және 85 келіден жоғары салмақ болады. 

- Демек 91 келіден ауыр деген салмақ болмайды ма?

- Иә. 85 келі және одан ауыр салмақ. 

- Ал 75 келіден жеңіл салмақтарда өзгерістер болады ма?

- Жоқ. Ол салмақтардың барлығы өзгеріссіз қалады. 

- Енді ең жеңіл салмақ 52 келі болады ғой, иә?

- Иә.

Айта кетейік, осыған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2020 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасындағы бәсекеде 2 салмақ дәрежесін алып тастайтыны жайлы хабарлаған еді.

Ө. Сансызбай