Қазақ боксшысы WSB жартылай финалының үздік боксшысы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақ боксшысы WSB жартылай финалының үздік боксшысы атанды
Фото ©️ kfb.kz

Қазақ боксшысы Әбілхан Аманқұл Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалындағы ең үздік боксшы атанды. Отандасымыз жобаның "twitter" желісіндегі дауыс беру қорытындысы бойынша үздік шықты.

БӨЛІСУ

Әбілхан Аманқұл сауалнамада 65 пайыз дауысқа ие болған. Одан кейінгі орынға "Куба Домадорес" командасы үшін жұдырықтасатын Олимпиада чемпионы Хулио Де Ла Крус орналасқан (26 пайыз). Үшінші орында "Коломбиа Хероикос" командасы сапындағы доминиканалық Леонел Де Лос Сантос Нуньес тұр (9 пайыз).

Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясының екі дүркін жеңімпазы "Астана Арланс" пен "Куба Домадорес" турнирдің финалында кездеседі. Қос команда арасындағы чемпиондық атаққа талас маусымның соңы және шілденің басында өтеді. Командалар бұған дейін де турнир финалында кездескен, ол кезде қазақстандықтар жеңімпаз болған еді.