Головкин өз атындағы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты (видео)

Головкин өз атындағы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты (видео)
Фото: vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие Геннадий Головкин туған жері Майқұдықтағы өз атына берілген спорт кешенінің ашылуына қатысты.

Салтанатты шараға Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бірге келіп, боксшыға арнайы сөз берді. Алғысын білдіріп, 16 қыркүйек күні бокссүйерқауым асыға күткен жекпе-жекке жеңіс тіледі. 

- Барлықтарыңызға сәлем! Армысың, Отаным! Армысың, туған жерім! Мен үшін сіздердің алдарыңызға шығып, осында тұрғаным зор қуаныш. Дене шынықтыру кешенінің аты менің атыма берілгені - мен үшін зор құрмет. Әкімдікке алғысымды білдіремін. Қазіргі таңда көптеген спорт кешендері, алаңдар салынуда. Мұның барлығы мемлекеттің, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында. Бұл үшін алғысымызды білдіреміз. Спортпен шұғылдануға зор мүмкіндік туып отыр. Деніміз сау болсын. Рақмет, сіздерге! - деді боксшы.

Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен бой көтерген Геннадий Головкин атындағы спорт кешені үш қабаттан тұрады. Ішінде 25 метрлік жүзу бассейні, ауыр атлетика залы,көрермендер отыратын орны бар әмбебап алаң және бокс залы бар. Балалар спорт кешенінде тегін жаттығатын болады. Ғимараттың жалпы ауданы - 2384,3 шаршы метр


 

Boxing gym in the children's sports school named after GGG in Maikuduk. Зал бокса. Эмоции позже. Слов нет.

Публикация от Zhanar Utesheva (@zhanar_utesheva)Июн 7 2017 в 4:58 PDT

Ө. Сансызбай