Головкин Майқұдықтағы спорт кешенінің ашылу салтанатына келеді

Головкин Майқұдықтағы спорт кешенінің ашылу салтанатына келеді
Фото: vk.com (Геннадий GGG Головкин)

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин туған жері Майқұдықтағы спорт кешенінің ашылу салтанатына келеді. 

Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен бой көтерген Геннадий Головкин атындағы спорт кешені үш қабаттан тұрады. Ішінде 25 метрлік жүзу бассейні, ауыр атлетика залы,көрермендер отыратын орны бар әмбебап алаң және бокс залы бар. Балалар спорт кешенінде тегін жаттығатын болады.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына ұйымдастырушылар спорт мектебінің тәрбиеленушілерін, балалар үйі мен жас жеңімпаздарды шақырған. Іс-шара 7 маусымға жоспарланып отыр екен.

Ө. Сансызбай