Астанада бокстан ҚР Президенті кубогы турнирі басталды

О Сансызбай Корреспондент
Астанада бокстан ҚР Президенті кубогы турнирі басталды
Фото ©️ kfb.kz

Астана қаласында бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы V халықаралық турнирі басталды. Бүгін таңда жарысқа қатысушы боксшылардың жеребесі тартылды.

БӨЛІСУ

Елордадағы додаға  Қырғызстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей, Филиппин, Өзбекстан, Украина, Моңғолия және Иран елдерінен боксшылар келген. Ерлер арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша, қыздар арасында Олимпиада ойындары санатындағы 51, 60 және 75 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар анықталады.

Жарыс 10 маусымға дейін созылады. Жеңімпаз атанған боксшылар 2000 доллар, күміс жүлдегерлер - 1000, қола медаль алғандар 500 доллар көлемінде сыйақы алады.

Жеребе нәтижесін төмендегі сілтемелерден көре аласыздар.

sostav.pdf
C75WW75.CP.pdf
C75WW60.CP.pdf
C75WW51.CP.pdf
C75W92.CP.pdf
C75W91.CP.pdf
C75W81.CP.pdf
C75W75.CP.pdf
C75W69.CP.pdf
C75W64.CP.pdf
C75W60.CP.pdf
C75W56.CP.pdf
C75W52.CP.pdf
C75W49.CP.pdf
C08.CP.pdf

Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей:

Ерлер:

49 келі:
Шалқар Айқынбай;
Асхат Жүсіпов;
Ермек Мәдиев.

52 келі:
Азамат Исақұлов;
Азат Махметов;
Олжас Байниязов;
Сәкен Бибосынов.

56 келі:
Жанболат Қыдырбаев;
Жанболат Тілегенұлы;
Айдос Арапов;
Мадияр Жанұзақов;
Бекжан Құралов;
Ильяс Сүлейменов.

60 келі:
Әділет Құрметов;
Серік Теміржанов;
Сұлтан Заурбек;
Меирболат Тоитов;
Әлімжан Бескемпір;
Рустам Рустамов.

64 келі:
Бекдәулет Ибрагимов;
Қуан Қуатов;
Аян Қалибеков;
Асқар Ерубек;
Нұржан Мақашбаев.

69 келі:
Садриддин Ахмедов;
Бекзод Халмедов;
Қанағат Маралов.

75 келі:
Әбілхан Аманқұл;
Манат Өмірзақов;
Сапарбай Айдаров.

81 келі:
Бек Нұрмағамбет;
Ерік Әлжанов;
Шаймұрат Құсайынов;
Нұрдәулет Жарманов;
Баянбек Саметов.

91 келі:
Василий Левит;
Мұхамеджан Еркін;
Әділет Орынбасаров.

91 келіден жоғары:
Қамшыбек Қоңқабаев;
Нұрлан Сапарбай;
Олжас Бұқаев;
Нұржан Бекзатов;
Нұрболат Сермаханов.

Қыздар:

51 келі:
Назым Қызайбай;
Жайна Шекербекова;
Севара Тәжіқұлова;
Әйгерім Қасенаева.

60 келі:
Карина Ибрагимова;
Айжан Ходжабекова;
Римма Волосенко;
Ұлбала Әлменова.

75 келі:
Дариға Шәкімова;
Виолетта Князева;
Ақбота Исағұлова;
Ақерке Бақытжан;
Фариза Шолтай.