Марадонаның қолмен соққан голын аңғармаған төреші дүниеден озды

Марадонаның қолмен соққан голын аңғармаған төреші дүниеден озды
Фото: rsport.ru

Әйгілі футболшы Диего Марадонаның қолмен соққан голын аңғармаған төреші Богдан Дочев 80 жасында дүниеден озды. Ол 1986 жылғы әлем чемпионатының ширек финалындағы Аргентина-Англия құрамалары арасындағы ойында қапталдағы қазы болған.

Футбол тарихындағы ең үлкен қателікке бой алдырған төрешілер Аргентина-Англия ойынынан кейін-ақ қызметінен қол үзген болатын. Ал аргентиналық шабуылшының голы «Құдайдың қолымен соғылған гол» деген атпен тарихта қалған еді.

- Мен Марадонаның қолмен соққан голын ойыма алғым келмейді. Жұрт не десе де, мен өмірде әділдікті сүйдім. Сол ойындағы қателік – өмірімнің астаң-кестеңін шығарды. Кінәлі де емес едім, - деген болатын бір жыл бұрын Богдан Дочев болгар басылымдарына берген сұқбатында.

Богдан Дочев 1970-1986 жылдар аралығында халықаралық ойындарда төреші болған.

Ө. Сансызбай