"Бенфика" қақпашысы "Манчестер Ситиге" ауысты

"Бенфика" қақпашысы "Манчестер Ситиге" ауысты
Фото: vk.com

"Бенфика" футбол клубының қақпашысы Эдерсон ағылшынның "Манчестер Сити" командасына ауысты. Бұл туралы лиссанбондық клубтың ресми сайты хабарлады.

Хосеп Гвардиола жаттықтыратын команда 23 жастағы қақпашыны қатарларына қосу үшін 40 миллион еуро шығындаған. Келісімшарттың өзге шарттары туралы ақпарат жарияланған жоқ. Кей бейресми деректер бойынша қақпашы бесжылдық келісімшартқа қол қойған.

Эдерсон осы маусымда Португалия чемпионатында 27 ойынға қатысып, қақпасына 12 гол ғана соқтырған. 18 ойында қақпасына гол жібермеген.

Ө. Сансызбай