Юлия Путинцева "Ролан Гарростың" үшінші кезеңіне шықты

Юлия Путинцева "Ролан Гарростың"  үшінші кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемдегі танымал "Үлкен дулыға" санатына енетін Франция ашық біріншілігінің (Ролан Гаррос) үшінші кезеңіне шықты. Отандасымыз екінші кезеңде швед спортшысы Юханна Ларссонды ұтты.

2 сағат 15 минутқа созылған ойында Қазақстанның бірінші ракеткасы қарсыласынан 2:1 есебімен айласын асырды. Бірінші сетте 6:3 нәтижесімен жеңіске жетсе, екінші сетте 6:1 есебімен ұтылды. Үшінші сетте 6:3 есебімен басым шықты.

Юлия Путинцева үшінші кезеңде испан Гарбинье Мугурусамен кездеседі. Қарсыласы өткен жылғы "Ролан Гарроста" топ жарған спортшы. 

Айта кетейік, қазақстандық теннисші қазіргі таңда WTA рейтингінде 29-орында келеді.

Ө. Сансызбай