Астанада Мартина Хингис шеберлік сыныптарын өткізді

Астанада Мартина Хингис шеберлік сыныптарын өткізді

Астанада атақты швейцариялық теннисші Мартина Хингистің шеберлік сыныптары өтті. Бұл туралы Қазақстан Теннис федерациясы хабарлайды.

«Мен балалармен ойын өткізіп, рахаттандым. Қазақстанның кішкентай балалары мені өздерінің ойындарымен таңқалдырды, олардың бастапқы техникалары өте тамаша», - деді арнайы баспасөз мәслихатында сөз алған Мартина Хингис.

«Қазақстандық теннистің әлеуеті өте жоғары. Келешекте сіздердің спортшылардың биік жеңісіне куә боламыз. Бұл менің соңғы сапарым емес деп үміттенемін. Мен Астана мен Алматыда шеберлік сыныптарын өткізуге қуана-қуана келістім. Сіздердің елдеріңіз мен күткеннен әлдеқайда әдемі болып шықты», - деді Хингис.

Айта кетейік, Мартина Хингис - 1997, 1999, 2000 жылдары әлемнің бірінші ракеткасы атанған танымал швейцариялық теннисші. «Үлкен дулығаның» бес дүркін иегері.  «Үлкен дулыға» турнирінің жұптық сайысындағы жеңімпазы. 2005 жылы жарақаттан айыққан Хингис Австралия мен Италия ашық біріншіліктерінде жеңістерге қол жеткізеді. 2006 жылы 500-інші жеңісіне қол жеткізді. 2007 жылы қарашада өзінің мансабын тәмамдалғанын мәлім етті.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

У. ҚОСАНБАЙ