"Джиро д'Италия" жарысында жарақат алған "Астана" велошабандозына ота жасалады

О Сансызбай Корреспондент
"Джиро д'Италия" жарысында жарақат алған "Астана" велошабандозына ота жасалады
Фото ©️ usseek.com

"Астана" велоклубының спортшысы Танел Кангерт "Джиро д'Италия" көпкүндігінің 15-ші кезеңінде жол белгісіне соқтығысып, жарыс жолынан шығып қалды. Ертең спортшыға ота жасалады. Бұл туралы команданың ресми сайты жазды.

БӨЛІСУ

- Спортшы Брешиа (Poliambulanza) қаласындағы ауруханада медициналық тексеруден өткен. Сараптама қорытындысы бойынша сол қолы мен оң иығынан ауыр жарақат алған. Ертең спортшыға ота жасалады. Жарақатынан айығу үшін 6-7 ай керек. Танел Кангерт үшін 2017 жылдың маусымы аяқталды, - деп хабарланды ресми хабарламада.

"Астана" командасы үшін "Джиро д'Италия" көпкүндігінің биылғы кезеңі сәтсіз басталғандай. Бірінші болып капитан болған Фабио Ару жарыс алдындағы жаттығуларының бірінде жарақат алса, одан кейін капитан болған Микеле Скарпони доданың басталуына бірнеше күн қалғанда қаза болған еді.