"Монако" 17 жылдан кейін Франция чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
"Монако" 17 жылдан кейін Франция чемпионы атанды
Фото ©️ vk.com

Футболдан Франция чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда жеңімпаз атанған команда белгілі болды. "Монако" футбол клубы 17 жылдан кейін чемпиондық атаққа қол жеткізді.

БӨЛІСУ

ХХХІ турдың кейінге шегерілген ойынында "Монако" "Сент-Этьен" командасын 2:0 есебімен ұтты. Маңызды кездесуде Килиан Мбаппе мен Валер Жермен гол соқты. Нәтижесінде екінші орындағы "ПСЖ" командасынан 6 ұпайға озып кетті. Ал чемпионаттың аяқталуына бір тур ғана қалды.

"Монако" өз тарихында Франция чемпионатын (лига 1) 8-ші рет жеңіп алды.