Головкин мен Канело – жаңа мультфильм қаһармандарына айналды

Жандарбек Жұмағұлов Корреспондент
Головкин мен Канело – жаңа мультфильм қаһармандарына айналды
Фото ©️ vk.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес жаңа мультфильмнің қаһармандарына айналды. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Бірнеше комедиялық анимациялық бейнероликтің авторы ММА Mojahed Fudailat «Зорро-бой» атты Головкин мен Канелоның кездесуіне арнап кезекті қысқаметражды мультфильмін жариялады. Мультфильмнен Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес пен басқа да әлемдік танымал боксшыларды байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Генадий Головкин мен Сауль Алварес арасындағы кездесу 16 қыркүйекте өтеді. Осыған дейін Сауль Альварес Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінде өзінің отандасы Хулио Сезар Чавеспен кездесіп, 120-108 есебімен жеңіске жеткен еді.