"Қайрат" "Астана Аренада" камбэк жасады

Футболдан ел премьер-лигасының екінші айналымы басталды. Алматының "Қайраты" "Астана Аренада" Көкшетаудың "Оқжетпес" командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

29 минутта Сергей Струков гол соғып, "Оқжетпесті" алға шығарды. Кахабер Цхададзе шәкірттері шабуылын сәт сайын үдеткенмен, бірінші таймда таразы басын теңестіре алмады.

68 минутта Сергей Струков "Қайрат" қақпасына екінші голды соққаннан кейін көкшетаулық команда арқаны кеңге салып, сылбыр ойнай бастады. Осы бір босаңдық танытқан сәтті "Қайрат" ойыншылары ұтымды пайдалана білді. 74 минутта Андрей Аршавин есепті қысқартса, араға 1 минут сала Исаэль нәтижені теңестірді. 79 минутта Бауыржан Тұрысбек Стаменкович қорғаған қақпада үшінші рет допты тулатты.

Камбэк жасаған "Қайрат" ұпай санын 22-ге жеткізді. Ал "Оқжетпесте" 11 ұпай бар. Алматылық клуб келесі турда "Таразбен", "Оқжетпес" сырт алаңда "Тобылмен" ойнайды.

Назарларыңызға ХІІ тур ойындарының нәтижелерін ұсынамыз.

"Шахтер" – "Ақжайық" 1:0 (0:0)
Голдар: Тәттібаев 82
Ескертулер: Айегбуси 16, Аллегриа 34, Пикалкин 45+1 – Төлебаев 73

"Астана" – "Ертіс" 2:0 (1:0)
Голдар: Муртазаев 13, Жалмұқан 79
Ескертулер: Шомко 57 – Калинин 27, Фофана 32, Алиев 62, Фонсека 64

"Атырау" – "Ордабасы" 2:2 (0:1)
Голдар: Нөсербаев 14 (0:1), Абдрахманов 52 (1:1), Саломов 59 (2:1), Нұрғалиев пенальтиден 85 (2:2)
Ескертулер: Абдрахманов 55, Саломов 75, Пасеченко 84 – Тұңғгышбаев 37, Ковальчук 44, Нөсербаев 84, Ерланов 90+1

"Актөбе" – "Тобыл" 1:3 (0:1)
Голдар: Щеткин 41 (0:1), Малый 48 (0:2), Джалилов 52 (0:3), Юри Альмейда 77 (1:3)
Ескертулер: Байтана 72 – Тағыберген 8

"Тараз" – "Қайсар" 2:1 (0:1)
Голдар: Байжанов 45 (0:1), Диара 69 (1:1), Таубай 74 (2:1)
Ескертулер: Горбанец 55 – Курьор 37, Евстигнеев 90
Алаңнан қуылды: Горбанец 60 (екінші ескерту)

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты