Футболдан ҚР кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
Футболдан ҚР кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды
Фото ©️ KazFootball

Бүгін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде ел кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

БӨЛІСУ

Жеребе қорытындысы бойынша Шымкенттің "Ордабасы" командасы Алматының "Қайратымен" ойнайтын болды. Ал екінші жұптағы ойында "Шахтер" мен "Атырау" кездеседі.

Жартылай финалдан финалға жолдама алған командалар екі кездесу қорытындысы бойынша анықталады.

Командалар арасындағы бірінші ойындар 24 мамыр күні, ал қарымта кездесулер 21 маусымда өтеді.