Еуропа лигасының финалына шыққан командалар анықталды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Еуропа лигасының финалына шыққан командалар анықталды (видео)
Фото ©️ rsport.ru

Футболдан Еуропа лигасының жартылай финалындағы қарымта кездесулер өтті. Қос ойын қорытындысы бойынша "Манчестер Юнайтед" пен "Аякс" командалары финалға шықты.

БӨЛІСУ

Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" жартылай финалда Испанияның "Сельта" командасын жарыс жолынан шығарды. "Қызыл сойқандар" Вигода өткен бірінші ойында 1:0 есебімен жеңіске жетсе, өз алаңындағы қарымта кездесуде 1:1 есебімен тең ойнады.

Амстердамның (Нидерланд) "Аякс" командасы жартылай финалдағы қарымта ойында "Лионға" 3:1 есебімен ұтылғанмен, қос ойын қорытындысы бойынша финалға жолдама алды. Қызғалдақты елдің командасы француз ұжымын бірінші ойында 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Еуропа лигасының финалы 24 мамыр күні Стокгольмдегі "Френдс-Арена" стадионында өтеді.