Головкинді енді қалай жеңу керек екенін білемін – Лемье

Головкинді енді қалай жеңу керек екенін білемін – Лемье
Фото: google.kz

Канадалық кәсіпқой боксшы Давид Лемье Геннадий Головкинмен қайта жұдырықтасудың сәті түссе, қалай жеңіске жетудің жолын білетінін айтты. Бұл туралы FightHub жазды.

- Мен Головкинмен қайта жұдырықтасуды қалаймын. Неліктен? Себебі мен енді оны қалай жеңудің жолын білемін. Ол – мықты боксшы, дегенмен қарапайым жан. Кез келген боксшының мықты әрі әлсіз тұстары болады. Мен өзімнің одан мықты тұсымды білемін. Оған қарсы жекпе-жекке шығу оңай емес. Бірақ оны жеңуге болады. Мен осал емеспін. Кез келген мықты боксшыны жеңуге шамам жетеді, - деді Давид Лемье.

Айта кетейік, Давид Лемье келесі жекпе-жегін 6 мамыр күні Сауль Альварес пен Хулио Сезар Чавес арасындағы кездесудің андеркартында өткізеді. Мексикалық боксшы Маркос Рейеспен жұдырықтасады.

Ө. Сансызбай