"Қайрат" УЕФА кубогында қола жүлдені қанағат тұтты

"Қайрат" УЕФА кубогында қола жүлдені қанағат тұтты
Фото: afckairat.kz

"Қайрат" футзал клубы Алматыдағы УЕФА кубогында қола жүлдегер атанды. Какау шәкірттері үшінші орынға таласта Ресейдің "Югра" командасын ойын соңындағы пенальти сериясында ұтты.

"Қайрат" пен "Югра" арасындағы ойын негізгі уақытта тең аяқталды. Командалар бір-бірінің қақпаларына бес-бес голдан соқты. Ал ойын соңындағы пенальти орындауда алматылық клубтың ойыншылары мергендік танытты. Пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, "Қайрат" жартылай финалда Испанияның "Интер Мовистар" командасына 3:2 есебімен есе жіберіп алған болатын.

Финалда испандық клуб пен Португалияның "Спортинг" командасын 7:0 есебімен ұтып, өз тарихында төртінші рет УЕФА кубогын жеңіп алды.

УЕФА кубогы 2016/17. Финалдық кезең. Үшінші орын үшін өткен ойын

«Югра» (Ресей) 5:5 (2:3 пенальти бойынша)  «Қайрат» (Қазақстан)

«Югра»: Купатадзе, Шаяхметов, Афанасьев, Марсенио, Давыдов, Слемзин, Копейкин, Лысков, Эдер Лима, Котляров, Кайо, Чишкала, Сигнев, Катата

«Қайрат»: Игита, Игор, Алешандре, Дуглас, Диваней, Ронкальо, Жаманкулов, Тайеби, Сүлейменов, Дуглас , Эвертон, Дрот, Кабреува, Есенаманов

Гол соққандар: Шаяхметов 2, Кайо 14, , Лысков 23, Диваней 37 (автогол), Марсенио 40  - Дрот 9, Давыдов 16 (автогол), Тайеби 24, Кабреува 33, Диваней 39

Төрешілер: Алессандро Малфер (Италия) , Габор Коваш (Венгрия)

Ө. Сансызбай