Арман Оспановтың "АСВ 61" турниріндегі қарсыласы ауысты

Арман Оспановтың "АСВ 61" турниріндегі қарсыласы ауысты
Фото: alzhan.kz

Қазақ спортшысы Арман Оспанов 20 мамыр күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында "АСВ" турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Бүгін отандасымыздың қарсыласы өзгерді.

Арман Оспановтың осыған дейін Абдурахман Темировпен кездесетіні хабарланған болатын. Бүгін белгілі болғандай, қазақстандық спортшы жапон Таичи Накажимамен (12-7) кездесетін болды. Күншығыс елінің спортшысы "АСВ" рейтингінде (өз салмағында) 8-орында тұр.

Қазақстандық спортшы бұл күндері Дағыстанда дайындығын шыңдауда.

Айта кетейік, АСВ (Абсолютті Беркут Чемпионаты) — аралас жекпе-жек турнирін өткізетін ресейлік промоушн. 2014 жылдан бастап әлемдік аренаға шыққан. АСВ турнирлері Ресей, Польша, Шотландия, Тәжікстан елдерінде ұйымдастырылды. 

Ө. Сансызбай