Vesti.kz "Арландардың" жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

О Сансызбай Корреспондент
Vesti.kz "Арландардың" жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
Фото ©️ vk.com (Astana Arlans)

Vesti.kz сайты Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясындағы "Astana Arlans" пен "China Dragons" командалары арасындағы жекпе-жек кешін тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші Қытайдың Санье қаласында өтеді.

БӨЛІСУ

Қос команда арасындағы шаршы алаңдағы шайқас 22 сәуір күні, Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады. Vesti.kz сайтында тікелей эфирді Уалихан Қосанбай мен Роман Кушпелев (қазақ және орыс тілінде) жүргізеді.

Бұл кездесу – командалар арасындағы топтағы соңғы жекпе-жек. "Astana Arlans" Қытай жерінде жеңіске жетсе, топта бірінші орын алады. Ал плей-офф кезеңіне алғашқы төрт кездесудің қорытындысы бойынша-ақ шығып қойған болатын.

Атырауда өткен бірінші кездесуде "Astana Arlans" "China Dragons" боксшыларын 5:0 есебімен ұтқан еді. 22 сәуірдегі бокс кешінде төмендегі боксшылар шаршы алаңға шығады:

52 келі – Әнуар Мұзафаров
60 келі – Закир Сафиуллин
69 келі – Асланбек Шымбергенов
81 келі – Арман Рысбек
+91 келі – Олжас Букаев