Бейбіт Шүменов Юниер Дортикоспен неге жұдырықтаспайтын болды?

О Сансызбай Корреспондент
Бейбіт Шүменов Юниер Дортикоспен неге жұдырықтаспайтын болды?
Фото ©️ vesti.kz

Бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа ие отандасымыз Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) пен WBA тұжырымының уақытша чемпионы Юниер Дортикос (21-0, 20 КО) арасындағы жекпе-жектің не үшін өтпейтіні белгілі болды.

БӨЛІСУ

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 29 сәуір күні өтуі тиіс болатын. Алайда кездесуге дайындық барысында жарақат алып қалды. Дәрігерлер отандасымыздың көз қарашығына зақым келгенін анықтап, ота жасаған. Енді Бейбіт Шүменов шаршы алаңға шамамен 30-40 күннің ішінде қайта оралады.