Мартина Хингис Алматыда мастер-класс өткізді

Мартина Хингис Алматыда мастер-класс өткізді

Белгілі швейцариялық тенннисші Мартина Хингис Алматыда Team Kazakhstan Алматы академиясы филиалының тәрбиеленушілеріне мастер-класс өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Мартина бұл кездесу барысында бірнеше жас спортшылармен жекелей және жұптық түрде ойын өткізді. Мастер-класс соңында атақты теннисші академияның ересектер құрамасымен де кездесу ұйымдастырды. Одан соң теннисші өзі мықты деп санаған Қазақстан чемпионы Асия Даирмен кордқа шығып, кездесу қорытындысында жеңіс Мартина Хингиске бұйырды.

Кездесу соңын қорытындылаған Мартина Хингис өз сөзін:"Мен Қазақстанға бірінші рет келіп отырмын. Бірақ маған сіздің елдегі теннистің үлкен қарқынмен өсіп келе жатқаны белгілі. Балалардың осындай керемет жағдайда теннис үйреніп жатқаны мені қуантады" деп аяқтады. Бұдан кейінгі кездесуін ол Астанада өткізбек.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет